Nazerke Amankossova

🔮Amankossova Nazerke🔮 📚Student Of NIS 👠Businesslady 🕶Traveller 🤡Actress ✍Youtube, Facebook, Telegram, Whatsapp, Instagram - Blogger💡 BE MUST #1

111 posts 262 followers 325 following

Бұларды мына түрлерімен қалай емдемейсің 😁😁😁? Əзіл ғой😅. Менің ең көңілді достарым. Шаршап, шалдыққанда осылар көңіліңді көкке көтеріп береді.
Əйтеуір, экзамендеріміз аяқталып, қуанып жүрген кезіміз🤗🤗🤗

0💬

Жарқырап жұлдыз бола қойып еді, енді міне Бүгін "жұлдыз ауруымен де" ауырып үлгеріп алды😂. _________________________________
Арасында, ғашық болып ауырып жүргені бар, əсересе Камшат @mustafa_kamshat

#Менің паценттерім1#ешкім ауырмасын

4💬

Loading...

Біз, Тəуелсіз елдің ұрпақтарымыз😊😊😊

0💬

#1
Бүгін мектебімізде Ұлы Тəуелсіздік күніне арналған Шаңырақтар арасында жарыс болып өтті. Біз Ұлытау шаңырағымен бірігіп, керемет идеяларымыздың арқасында 1 орын алып шықтық😊😊😊 Өзіме қатты ұнады. Тəуелсіз елдің дəрігері болып рөлімізді сомдап шықтық.

Болашақ дəрігерлерміз)) маған Ақ бас киім мен ақ халат жарасады екен😅😊

2💬

Loading...

Pizza party😊😅

0💬

Баршамызға келе жатқан ұлы Тәуелсіздік күні құтты болсын!😉😊 Басымыз аман, деніміз сау, көзі ашық, көкірегі ояу қазақ болып қалыптасып, Елбасымыз айтқандай "Мәңгілік ел" болып қалайық. 😃

Бүгін мен туған өлкем Маңғыстауымның ұйымдастырып жатқан байқауында қатысушы атанып отырмын.
Күндіз дауыс беру басталады. Қолдауды ұмытпайық!

Байқау ұйымдастырып отырған ұйымның менің видеомды жариялаған Ю тубтағы сілтемесін жіберемін, сол кезде лайк басып, комментарий жазып, көрілім санып көбейтіп отырайықшы😘👍🏻. Сəттілік бəріңізге😊😊.

1💬

Елбасымызбен мақтанамыз👍👍👍

0💬

Loading...

Қойылымды қойып болып, мəз болып жүрген кезіміз😂😅

0💬

🔮Бүгін🔮бір ұмытылмас күн болып өтті.
_____________________________________
🌱Облысымызда жастарды бұрыс жолдан арашалау мақсатында "Нашақорлыққа жол жоқ" атты қойылымдар жарысы өтті. Біз де, Назарбаев Зияткерлік мектебінің атынан шығып, ат салысып көрейік деп ұйғардық.
_____________________________________
Бастапқыда рөлдерде: тəрбиелі əрі ақылды қыз👧 бен ата-анасы👨‍👩‍👧 жəне адамдарды азғырушы 2 шайтан😅 рөлдері болатын. Сөйтіп, мен де өзімді актерлік шеберлік жақтан сынап көрсем бе екен, бірақ тек шайтан емес деп жүрсем😂шайтаннан басқа рөлдердің бəрі кетіп қалыпты😁амал нешік, небəрі 2 аптаның ішінде сыныптасым Азиза екеуміз шайтан болып шықтық😅. 🏘️Облыстық деңгейінде бірінші рет қатысып, алғашқы сатысынан-ақ 3 орынды қанжығамызға байлап алдық.😎
_____________________________________
👱‍♀️ Жалпы дайындық барысында да сыныптастарымызбен қызықты уақыт өткізіп, ұмытылмас сəттерді бастан кештік. Сол үшін рақмет бəріңе. 🙆‍♀️Əрине тек сыныптастарым үшін емес бізді дайындаған əртіс Сүндет Сəрсенге, музыкант Сержан ағайға, куратор Ақгүл Амандосқызына, мэйк аппер Тоғжан апайға, тігінші Алмагүл Жумаеваға алғысымыз шексіз😊. #менбақыттыоқушымын

2💬

Күліп жүрейік😊
with @mustafa_kamshat

1💬

Loading...

Ағылшын тілі пəнінен осындай секіруді орындаң деген тапсырма алған болатынбыз😜) ________________
Өте қызық болды😂. _______________
Қыздар ренжімең😅

Actually, it was your task, @cbriandavis_
😅

0💬

😘with my crazy girl 🤡😈

1💬

Барлық қыздарға бірдей ұнаған ғайыптан пайда болған Қайып💔десем қалай болар екен?)
___________________________________
Бүгін тағы да Жантөрин атындағы театрға "Ақбөбек" қойылымын көруге бардық. Сөз жоқ ұнады
... Эх, тіпті сөзбен айтып жеткізудің өзі қиын😍😍😍. ___________________________________
Кеш көңілді өтсін. Театрдан қалмау керек екен)
🤗

0💬

Loading...

Кеше Жантөрин атындағы театрда, "Продайте Мужа" атты спектакльді көріп қайттық. Жанры комедия екен. Қатты ұнады.
___________________
Бар жоғы 3 кейіпкер ойнап, көріністің негізгі мағынасын аша білді😊. Оның біреуі өзіміздің мектебіміздің керемет əртісі, актерлік шеберліктен дəріс беретіг мұғаліміміз: Сүндет Сəрсен.
___________________
Осындай ағаймен жұмыс жасаудың өзі бір мəртебе деп білемін😊
___________________
#Көтеріңкі көңіл күй😊

0💬

Моя самая лучшая😍
___________________________________
She makes me crazy day by day😊😜 #iloveyou#sp#galaxy#argon#neon😅

1💬

Арманда...😊
__________________________________

Ал енді мен ақыл айтам,
Ақыл айтам, таңданба.
Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге,
Жалғанға.
Мына өмірде, жүрегіңде,
Бойыңда ыстық қан барда.
Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!
Ал енді мен ақыл айтам,
Ақыл айтам таңданба!
Мәзіріңе, әзіріңе әулекі боп,
Алданба!
Шығатұғын күндерге де,
Ататұғын таңдарға,
Үмітпенен қарағайсың, жүрегіңде жан барда.
Өтер кетер, өтер кетер...
Дейміз ғой біз мұңайып.
Дейміз-дағы, жамаймыз кеп, бір айыпқа
Бір айып.
Отандастар, ойлайықшы, ойымызға лайық,
Құласақ та, тек биіктен,
Құзға барып құлайық!
Бықсып жанған қоламта емес,
Артымызда шоқ қалсын.
Болашақтың ойнағында,
Біз тұтатқан от жансын,
...Ей, Болашақ!
Ей, Болашақ! Ошағында от жансын!
Мүмкін, бізді ұмытарсың..
Кім біледі?..
Жоқтарсың... МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

__________________________________

Армандап үйренудің өзі үлкен өнер.
Армандап бастағалы, өмірім де жаңа бастаулар мен жеңістіктерге жол сілтей бастады.
Өте керемет жазылған өлең😊

2💬

Loading...

Все для того, чтобы понять строениe сердца)
😊

3💬

Сенбі күні мектебімізде "Ашық есіктер күні" өткен болатын. Мектебімізге облысымыздың əртүрлі мектептерінен мұғалімдер келді.
Бізге биология сабағынан сол күні ашық сабақтар өткен болатын. Топқа бөліндік, мен Алина деген сұлу əрі ақылды қызбен бір топқа түстім.
Алина екеуміздің достығымды айтып кетсем) Алина екеуміз бұрын 8 класстан 9 классқа дейін бірге парталас болған едік. Екеуміз де əзілқоймыз😂. Бір біріміздің əзілімізді бірден милисекундта түсіне қоямыз.
Сөйтіп, Алина маған айтады: мен сені бұрын ойлайтынмын, əзіл айту үшін арнайы сабаққа қатысатын шығартынсың деп. Оны естіп тағы күлгім келді. Бірақ барымызша тəртіпті ұстауға тырыстық.
Осындай жақын əзілқой достарымыз аман болсын😘

2💬

Мектебімізде "100 кітап" конкурсы өтіп жатыр. Əр шаңыраққа əртүрлі кітаптар бөліп береді. Соның ішінде біздің сыныпқа 3 түрлі кітар берілді. Үшеуі де үш тілде: "Жар жағалаған Қыз", "Плаха", "Three Comrades". Осыны класста өзара талдап, кітапқа баға бердік.
Жеке өзіме "Жар жағалаған қыз" ұнады. Сіздерге де оқуға кеңес беремін😊.

1💬

Кейде миға да демалыс беріп тұру қажет дегеніміз ғой, өзімізше😊

Thank you, @cbriandavis_ and my lovely classmates for a nice, unforgottable day🤗🤗

3💬

Жарқыра💥. Адамдардың "сенің қолыңнан келмейді" деп айтатын сөздерін тыңдама😊

With my @ansagan_galaladin

1💬

Махаббат сезімі адам ағзасында осыншама рөл ойнайды деп ойламаппын)

Бұны түсіну үшін, бірінші биологиялық процестерді меңгеру керек😅

1💬

Бүгін барлық экзамендерімізді тауысып, тапсырып бітірген күн. Ал суреттегі керемет жандар ағылшын мұғалімім Mr. Brian жəне жан дегенде жан досым Аңсағаным😊. Ағылшын мұғалімізбен тілімізді жаттықтырып, ағылшынша сөйлейік деген мақсатпен əрі теңіз жағасында жүріп, қаламызда кеңінен таныстырайық деген ниетпен шыққан болатынбыз. Өте керемет, көңілді пайдалы күн болып өтті.
Бұл постты жазудағы мақсатым: бүгін не істеп не бітіргенімді жариялау емес, жай ғана миды кейде көп ұйықтап емес, көңілді адамдармен пайдалы уақыт өткізу арқылы демалдыру керек. Содан ми демалып, тұла бойыңа үлкен жігер, шабыт беріп, алға жетелей түседі.
Каникул басталды) Енді өзімді дамытуға көңіл бөлемін деп шештім. Өмір керемет😍😍
@17_neon_17 @cbriandavis_ Thank you a lot. You have me BIG MOTIVATION😊😊😊

5💬

Бүгін 20 қазан өз қаламның бір колледждінде жұмыс барысымен болып қайттым. Əр қадам басқан сайын колледж студенттерімен таныс болдым. Жо-жоқ, сөйлеспедім. Сөйлеген сөздерінен бірден кімнің деңгейі қандай екенін білдім. Өкінішке орай, қазақтың бозбалалары, əрине бəрі емес, көпшілігі əр сөз арасына боқтық сөз салып сөйлейді, қыздарымыз да қалыс қалмайды екен. Сұрайтын сұрақтары біздің мектеп оқушылары сияқты "Қандай əдеби кітаптарды оқисың? Жасушаның құрылысын білесің бе? Химиялық байланыстардың неше түрі бар? IELTS экзаменін тапсырдың ба? Қандай пайдалы ағылшын сайттарын білесің? Қазақстан тарихынан өзіңе ұнаған оқиғаны айтып берші? Ю тубта қандай пайдалы топтар бар? Болашақта қандай бизнеспен айналысқың келеді? Қайда оқығың келеді, Англия ма əлде Америка ма? дегендер емес , керісінше, "Тағы екі алдың ба ана апайдан? Шегесің ба, Кальян шекпедік пе бүгін? Ішетінің бар ма еді не? Қызың бар ма? " деген сияқты сұрақтар. Шыны керек, сырт көзге өте-өте жиіркенішті болып көрінеді.  Бірақ, айтады ғой, əрбір заттың жақсы жақтарын көру керек деп, бұл жағдай маған "Білім Жəне Шабыт Ордасы" атты жобамды тез бастап кетуге, дамытуға үлкен мотивация берді. Шынымен де, əлі Қалың Ұйқыда екенбіз. Бірге дамиық, кім ерікті жас ретінде көмектескісі келеді, кім орыс немесе ағылшын тілін біледі, сол адам маған жекеме шықса болады.
Мақсатым, өзіммен жасты қандастарымды өзгемен салыстырып кемсіту ЕМЕС, керісінше тездетіп ұйқыдан тұрайықшы деп  жатырмын.
#қазақ#дамиды

4💬

Көрілім саны 900-ға жетіп қалыпты)
1000 - ға жеткізуге қалай қарайсыңдар?)😝😜 Подписчик санын көбейтейік, келешекте пайдалы ақпараттар көптеп болады😊

3💬

Қуаныштымын😊😉
Аллаға шүкір.

7💬

Əдемі, ия?)
😊
Күз əдемі екен ғоййй😍😍😍

4💬