BIZNES QADAM(Қазақша бизнес)

🔝Қазақ тілінде: ➡Кәсіпкерлік жайлы ақпарат ➡Пайдалы кеңестер ➡Мотивация

https://goo.gl/forms/GhH6ZqWJst7kIej83

17 posts 3,112 followers 5,020 following

Loading...

Олар қалай байыды?
Дүниеде байлардың баю жолдарына қатысты деректер көп кездесіп жатады. Ал біздің елде ертеде өткен қазақ байларына қатысты олардың баю жолдарына деректер тым аз. Осынау нарық заманында мұндай мәліметтер мен оқиғалар - қажетті тақырыптардың бірі. Біздің байлардың барлығы күндерін тек малдың соңында өткізбеген шығар. Арасында замандастарынан бір елі жоғары шығып, баюдың түрлі жолдарын игергендеріде бар болар деген ниетпен осы тақырыпқа қатысты деректерді қарастырдық.
Халық жадында байлардың мырзалықтары көп сақталыпты, бірақ баю тәсілдеріне қатысты мәліметтер өте мардымсыз. Алдағы уақытта бұл тақырып ізденісті көп қажет етеді. Себебі, таным тарихы тұрғысынан қызықты да қажетті тақырып. Қазақ байларының баю тәсілдеріне қатысты бірнеше деректі ұсынып отырмыз.
Бірде Қақу бір топ жігіттермен келе жатады. Сөзден сөз туып, әңгімеден әңгіме қозғап келе жатқан сәтте : • Ақымақ адам - ақымақтығынан кедей болады, ақылды - адам ақылдығымен бай болады, – дейді. Содан олар тобылғысы қалың сайға аял жасайды. Сонда Қақу қасындағы сәнқойлау, серілеу жігітке: • Мына жердің тобылғысы тұнып тұр екен. Өздері қандай биік, келісті-ақ екен. Қамшы сап қыласың ба, әлде сабау қыласың ба,әйтеуір қажет еткен әжетіңе жарайды. Сен тура осыдан ерінбей бес жүз тобылғы кес. Келесі жылы осың тура бес жүз қой болады, – дейді. Сонда ол: • Ой, Қақа-ай, қойыңызшы! Мұныңыз құр қиял ғой, – деп күледі.
Қоршай отырған серіктері де Қақу сөзінің астарын онша ұғыңқырамайды. Содан Қақу жігіттерді жауып жіберіп, тобылғыларды аралап, таңдап жүріп бес жүзін дайындайды. Қақу ауылға келген соң әлгі тобылғыларды кірекеш ( жәрмеңкелерге, қалаларға барып, сахарадағы елге қажетті заттарды алып келетін адамдарды айтады) жігіттерге беріп, Ташкенттен айна, тарақ, жіп, түйме, сабын,т.б. елге зәру заттарға айырбастатады. Содан оларды тамыз айындағы қозыларға айырбастатқан екен.
Қақудың осы ісі бүгінге дейін ел арасында аңыз болып айтылады. Пайданың көзін, сауданың ебін білген осындай асыл жандар қазақ сахарасында аз болмаған....
Мақаланың жалғасын біздің вконтакте әлеуметтік желісінде оқи аласыз. Сілтеме инстаграм парақшасының биосында...
P.S. мақала ұнаса комментариге"+"қоямыз және лайк басамыз

13💬

Loading...

#Repost from @saken_maigaziyev ・・・
Күндердің бір күнінде Байлық пен Кедейлік “Кім сұлу?” деп сөз таластырыпты. Алайда бір ымыраға келе алмаған соң, жаяулатып келе жатқан ер азаматқа:
-Cіздің сұрағымызға сен жауап бере алатын сияқтысың. Айтшы, екеуміздің қайсымыз әдеміміз, сұлумыз? – деп сұрапты.
“Қап, қалай жауап берсем екен?” – деп жаяу жүргіншінің басы қатады: “Кедейлікті сұлу десем, Байлық ренжіп, менен кетіп қалар. Байлық сұлу десем, Кедейлік маған ызланып, бас сала төнуі мүмкін. Қайтсем екен?”
Ары ойланып, бері ойланып: “Бірден бұл сауалға жауап беру қиын екен. Сендер ары-бері жүріп көріңдер, мен қарап көрейін”, – дейді.
Байлық пен Кедейлік ары да өтеді, бері де өтеді. Бар сұлулығын көрсетуге тырысып бағады.
- Иә? Қайсымыз сұлу екенбіз, ә? – дейді екеуі жарыса.
Ер адам жымиып:
- Сен, Кедейлік, кетіп бара жатқанда, яғни артыңнан қарағанда сондай сұлу әрі тартымды көрінесің. Ал, сен, Байлық, керісінше жүзіңмен бері қарап, адамға қарай жүргенде сұлулана түсесің, – деген екен. Жақсы жазбамен бөліскім келді. Имани, руxани, дүнияуй байлықтың беті бері қарай бергей. Жұма мүбәрәк, жақсылар! 😊🇰🇿🕌🕋👼🏻👨‍👩‍👧‍👦🏘️💞🌎📚🍞🥛🍯🏇🕊️☀️

0💬

Loading...

Әлемдегі ең дәулетті адамдардың бірі, қытайлық Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы миллиардер Джек Ма Қазақстан басшыларына елде шағын кәсіпкерлікті дамытуға кеңес берді.
. * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * .
"Мен Қазақстан туралы көп мәлімет білемін деп айта алмаймын. Бірақ, сіздерде мұнай өнеркәсібінің жақсы дамығанынан хабардармын. Сіздерде ірі мұнай компаниялары көп. Менің Қазақстанға берер кеңесім - сіздер шағын кәсіпкерлікті дамытыңыздар. Ұсақ компаниялар көп болуы керек. Егер қызмет көрсету саласын, экономиканы дамытамын десеңіздер сіздер шағын компанияларды көбейтіңіздер. Шағын компания көп болу үшін елде кәсіпкерлер көп болуы керек. Жастарға қолдау көрсетіңіздер, оларды оқытыңыздар. Сіздердің барлық компанияларыңыз 20 бұрын мықты еді. Ал, келесі 20 жылда олар табысты болуы тиіс", - деп атап өтті Джек Ма.
* * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * *
Миллиардердің айтуынша, орта тап кез-келген елдің экономикасын қарқынды дамыта алады.
"Біреуге жүгінбей, өздеріңіз бір дүние жасап көріңіздер, ол сіздердің мемлекет үшін пайдалы. Мынау әлем - проблема. Бізде өте бай адамдар бар. Бірақ, кедей адамдардың саны өте көп. Сонда біздің орта тап қайда? Сауда, шағын кәсіпкерлік - бұл осы орта таптағы миллиондаған адамның қолынан келетін іс. Егер орта тап мықты болса, мемлекеттің экономикасы, әлеуметтік секторы мықты болады. Қазақстанның бұл тұрғыда мүмкіндігі зор. Сіздерде ірі және ұсақ компаниялар бар. Оларды біріктіруге болады. Шағын компанияларда болашақ бар. Нарықта ертең ірі компания болмайды, тек мықтылары ғана қалады. Шағын дегеніңіз - сол мықты және тұрақты дегенді білдіреді" деп атап өтті Alibaba Group компаниясының төрағасы.

Джек Ма - Қытайдағы ең бай адамдар көшін бастайды. Әлемдік тізімде ол 18-ші орында. Джек Маның дәулеті 32,7 млрд долларды құрайды.
(Ақпарат sn.kz сайтынан алынды)

2💬

Loading...
Loading...

Ал сіздің мақсатыңыз қандай?

3💬